Алматы жастары Елбасымен түскен ерекше фотосуреттерін метродағы көрмеге шығарды (ФОТО)

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы метросында Елбасының бірегей фотосуреттерінің көрмесі ашылды. Мәдени шараны «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының Алматы филиалы, ҚР Президентінің мұрағаты, қалалық Ішкі Саясат басқармасы ұйымдастырды.

«Байқоңыр» стансасында өткен көрмеге 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай, Елбасы Н.Назарбаевтың әр аймақ жастарымен кездесулеріндегі суреттері қойылды. Президенттің жеке фотографының суреттерінен бөлек, басқа да кәсіби фотографтардың да жұмыстары ұсынылды. «Елбасының әр жылдары жастармен түскен ерекше фотосуреттерінен құралған көрмені ұйымдастырып отырмыз. Бұл шара жастарға отансүйгіштікті үйрету, жастардың бойында патриотизмді қалыптастыруға бағытталған. Жастардың қоғамдағы белсенділігі аса жоғары. Олар түрлі салада қызмет етіп жатыр. «Болашақ» бағдарламасы бойынша әлемдік ЖОО-да оқып жатқандар бар. Бұның бәрі президент Нұрсұлтан Назарбаевпен тікелей байланысты», - деді «Жас Отан» жастар қанатының Алматыдағы филиалының басшысы Арман Қалыбеков. Көрме 10 желтоқсанға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар