Алматы жастары Елбасымен бірге!
Алматы қаласының студент жастары атынан сөз ала отырып, Алматы қаласы бойынша «Қазақстанның студенттер Альянсы» қоғамдық бірлестігінің белсенділері Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауындағы лайықты жеңісімен құттықтайды!
Біз әрқашан Президентті қолдауға дайынбыз. Сондықтан 3 сәуір күні Алматы қаласының жастары бірауыздан Елбасы үшін дауыс берді. Мемлекеттік ауқымдағы осындай маңызды оқиғадан шет қалмай студент жастар белсенділік танытып, Отан алдындағы азаматтық парыздарын орындады.
Өз кезегінде Мемлекет басшысы жастар мен студенттерді қолдауға әрдайым көңіл бөліп отырады.
Алматы қаласы бойынша
«Қазақстанның студенттер Альянсы»
Қоғамдық бірлестігі