«Алматы жастары» клубының құрылуы велоспорттың дамуына жаңа серпін береді - М.Ахметов

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әуесқой велосипедшілерге арналған «Алматы жастары» велоклубы ашылады. Бұл туралы бүгін ҚазАқпарат тілшісіне Алматы қаласы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндгі басқармасының басшысы Мәркен Ахметов мәлім етті.

«Әуесқой велоклуб - бұл бүкіл бір спорттық қозғалыс. Оның мүшелері қалада жыл бойына жүргізілетін барлық веложарыстарға қатысатын болады және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттайды», - деді М.Ахметов.

Оның айтуынша, велоклуб мүшелерінің бірыңғай киім үлгісі және клубтың тіпті өзіндік велосипед тебу стилі болады.

«Оңтүстік астанада «Алматы жастары» велоклубының құрылуы қалада велоспорттың дамуына жаңа серпін береді деп санаймыз. Өткен жылы қала басшысы Ахметжан Есімов веложарысқа қатысушылар санын арттыру керектігі туралы бізге нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Бұл тапсырма орындалады деп сеніммен айта аламын», - деп түйіндеді М.Ахметов.