Сәдуақас Байғабылов «Алматының «жасыл» аймаққа көшуіне байланысты шектеу шаралары қаулысының күші жойыла ма?» деген тілшілер сұрағына жауап берді.
«Карантиндік шектеу талаптарын жеңілдету бойынша түзетулер енгізіледі. Яғни, 2021 жылғы 28 қаңтарға дейін қолданылған карантиндік шектеу талаптарына қайта ораламыз», - дейді департамент өкілі.
Түзету енгізілген құжат жақын арада жарияланады.
Еске сала кетсек, 28 қаңтарда Алматының бас мемлекеттік-санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойып, 1 ақпаннан бастап сауда үйлері мен сауда желілері жұмысын сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін, ал сенбі және жексенбі күндері жабуды бұйырған еді. Сондай-ақ, 1 ақпаннан бастап Алматыдағы кинотеатрлар жабылуы тиіс еді.
Бұған дейін Ж. Бекшин Алматыдағы карантин шектеулері қандай жағдайда алынатынын түсіндірген еді.