«Мен Ресейдің «Спутник V» вакцинасын салдырдым. Енді екінші дозаны 21 күнен кейін аламын. Жағдайым жақсы. Ешқандай кері реакция байқалмады. Өзімді жақсы сезінемін. Антиденелер 15 күнде пайда болуы керек. Мұны вакцинаның екінші дозасынан кейін қан анализі арқылы анықтауға болады», - деді Александр Лазарев.
Сонымен қатар ол адамдарға вакцина алудың қажеттілігін түсіндірді.
«Коронавирус инфекциясы өте қауіпті. Сондықтан вакцина алу керек деп ойлаймын. Егер сіз КВИ-ге қарсы вакцина салдырмасаңыз, оны жұқтырып алуыңыз әбден мүмкін. Содан кейін, өкпеңіз зақымданады. Ал пневмония адамдар үшін өте қиын ауру», - деді ол.
Оның айтуынша, адамдар өз денсаулығына немқұрайлық танытпауы керек. Барынша сақтанып, санитарлық талаптарды орындауға міндетті.
Еске салайық, 2021 жылдың ақпан айынан бастап елде COVID-19 вакцинациясы басталды. Бірінші компонентті вакциналаумен медицина қызметкерлері қамтылды.