Оқыс оқиға бүгін 23-ші наурыздан 24-не қараған түні болған. Оқиғаны облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады
«Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-тармағы бойынша сот-алды тергеу басталды. Іс облыстық анықтау басқармасының өндірісінде», - деді аталған ведомство қызметінен.
Қазір екі адамды қаққан Toyota Ipsum көлігі айыптұрағына қойылған. Ал зардап зеккен 48 жастағы ер адам Өтеген батыр ауылындағы ауруханада жатыр.