«Алматы жылу желілері» ескі су өлшегіштерді жаңаларына ауыстыруды жүргізбейтінін мәлімдеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда таяуда ыстық және суық суды өлшегіш құрылғыларды жаңаларына ауыстыру бойынша жаппай науқанның жүріп жатқандығы туралы ақпараттың пайда болуына байланысты «Алматы жылу желілері» ЖШС мұндай науқанды жүргізбейтіндігін мәлімдеді.

Сондықтан, компания басшылығы: «Алматы жылу желілері» ЖШС өкілдеріміз, пәтердегі өлшеу аспаптарын тапсырыңыздар немесе бізден жаңасын алыңыздар» деген адамдардың сөзіне сенбеуге және олармен келісім жасамауға шақырды.

Сондықтан, абоненттер қандай да бір келісім жасау үшін өлшеуіш құрылғыларға арналған құжаттарды ашып, құрылғының орнатылу уақытын есептеу керек.

Бұл жерде құрылғылардың мінездемесіне қатысты, өндіруші зауыттардың жазған мінездемесіне қарай су өлшегіш құрылғылардың мерзімі 4-6 жылды құрайтындығын айта кеткен жөн.

Одан басқа, келген адамның өкілеттігін талап етіп, «Алматы жылу желілері» ЖШС 341-07-00 немесе 341-07-77 телефон нөмірлері бойынша хабарласып, келген адамның жіберілген-жіберілмегенін анықтау керек немесе «102» телефоны бойынша полиция бөлімшесіне хабарласуға болады.