Оның айтуынша, Алматы әкімі Бауыржан Байбек зообақ аумағындағы нысандардың бірыңғай стилін қалыптастыру туралы бастаманы қолдады.
«Зообақ аумағындағы 30 дүңгіршектің санын 10-ға дейін қысқарту және бірыңғай стиль қалыптастыру туралы бастамамызды қала әкімі қолдады. Зообақта нысандар бірыңғай әрі функционалды болуы тиіс. Біз жалға алу ақысын төмендетуге дайынбыз», - деді Ержан Еркінбаев.
Айта кету керек, Алматы зообағында соңғы 2 жылда үлкен өзгерістер жасалды.
Атап айтқанда, жануарлар орналастырылған торлар ыңғайлы вольерлерге ауыстырылды. Өткен айда экзотариум бөлігі толығымен қайта жасалды. Сонымен қатар, жануарлар бағына алғаш рет акула тұқымдастар мен медузалар жеткізілді.
Фото: instagram.com/yerkinbayev