«2 маусым күні зообағымыздағы ламалар – Дастан мен Марси жұбында кішкентай лама өмірге келді. Біз оған Айшуақ деп ат қойдық. Түсі қызғылт сары, аспандағы айдың шуғаныдай болған соң осылай атадық. Оның көздері ерекше тұнық, кірпіктері де ұзын. Құлақтары үлкен, аяқтары жіңішке»,- деп хабарлады Алматы зообағының қызметкерлері.
Айшуақ қазір өзін өте жақсы, сергек сезінеді екен. Секіріп ойнап, ата-анасына еркелейді.
«Ламалар түрлі шөптермен қоректенеді. Сұлы жармасын, картоп, сәбіз, қызылшаны да жақсы жейді. Сонымен қатар, олардың қоректеріне бор мен тұз қосып береміз. Айшуақ әлі де анасының сүтін емеді. Арасында үлкен ламалар сияқты шөп пен жеміс-көкөністердің дәмін татып жүр»,- деп атап өтті зообақтан.