Алматы зообағында 35 жыл өмір сүрген Бухтелка деген түйеқұс бар. Ол соңғы рет 2001 жылы балапан басып шығарған. Мұндай түйеқұстар 20-25 жыл ғана өмір сүреді. Былтыр зообаққа Барнауылдан тағы 5 эму түйеқұсы әкелінді.
«Бұл жас құстар, жастары - төртте. 8 наурызда олар тұңғыш балапан басып шығарды. Олардың артынан 4 балапан жарылып шықты. Қазір олар секция мамандарының қарауында. Әзірге жынысын анықтау мүмкін емес», - деді зообақ директорының міндетін атқарушы Айгүл Төлеева.
Эму бұған дейін түйеқұс тектес құстарға жатқызылып келген. 1980 жылы оларды ғалымдар казуар тектес құстар санатына жатқызды.
Эмуді тұңғыш рет 1696 жылы Австралияның батыс жағалауында өмір сүріп жатқан жерінен еуропалық қоныстанушылар көрген.
Ең алғашқы ғылыми зерттеу жұмысы 1789 жылы жасалған. Ол кезде аталмыш құстардың 6 түрі болған. Бірақ олардың барлығын дерлік азық-түлік іздеген жергілікті тұрғындар жойып жіберген.
«Эму» сөзі парсы тілінен аударғанда алып құс дегенді білдіреді.