«Жаңа құрылғылар Германияда жасалған. Енді сирек кездесетін экзотикалық, жыртқыш құс пен қара қу балапандарын басып шығаратын боламыз», - деді Е.Еркінбаев.
Айта кету керек, жақында Алматы әкімдігі зообақтағы экзотикалық құстарға арналған экспозицияны жаңартуға бюджеттен қаржы бөлген болатын. Қазір зообақ басшылығы құстардың экспозициясын жаңарту бойынша азаматтардың ұсыныстарын қабылдап жатыр.