Жануардың атын әлеуметтік желі қолданушылары ұсынған болатын.
Зообақ басшылығы көп есімнің ішінен екі адамның ұсынысын қабылдады.
«Кішкентай ягуарымызға жаңа есім таңдадық!
Құттықтау жолдап, өз пікірін білдірген Құрал Лесбековтың, @rominalamour ұсынысы бойынша біз кішкентай ягауарды Аустралия деп атайтын болдық.
Алыстағы құрлықта соңғы күндері орын алған қиын жағдайға байланысты біз бұл ұсынысты көпшіліктің ойын ескере отырып, қабыл алдық», - деді зообақ басшылығы.
Аустралия есімді кішкентай жануар - қоршаған табиғатымызды қорғау баршамыз үшін қаншалықты маңызды екенін еске салып тұрмақ.
Мұның алдында зообақта теңбілшер күшіктегенін жазған болатынбыз.