«Керіктерді өз қолымен тамақтандырып, аса қауіпті жыландардың (әбжылан, мамба, ысылдағыш улы жыландар және тағы басқалары) жабық коллекциясын көргісі келетіндердің барлығына хабарлаймыз: ағаштың бір қап қабығы үшін сіздерге эксклюзивті бағдарлама ұсынуға дайынбыз. Бізге жануарлар ұсталатын жердің кафельді еденіне ағаш қабықтарын төсеу керек болып жатыр», - деп жазды Е.Еркінбаев Инстаграмдағы парақшасына.
«Жануарлар кафельде немесе бетонда жатпауы тиіс. Бұл олардың денсаулығына зиян! Бұл өтінішімізді таныстарыңыз бен достарыңызға жеткізуге көмектесіңіздер», - деді ол.
Зообақ директоры мейірімді жандарға алдын ала алғыс білдіріп, ағаш қабықтары бау-бақшаға арналған дүкендерде сатылатынын айтып өтті.