«Мәселе қазір мұнай өндіру компанияларымен бірге талқыланып жатыр. Олардан да каспий итбалығы мәселесін зерттеуге миллиардтаған қаржы бөлініп жатыр. Бірақ сонда да ғылыми зерттеу бағдарламасы жоқ. Сол бөлініп жатқан қаржыны Алматы хайуанаттар бағында сирек кездесетін жануарға арнайы орын дайындауға бағыттау көзделген. ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Дариға Назарбаева аталған жобаны құптап, Қазақстанда зерттеу бағдарламасы болу керектігін айтты», - деді Р.Баталов.
Оның айтуынша, жақын арада келісімге қол жетсе, Алматы зообағында каспий итбалығына арналған мекен пайда болады. Сондай-ақ, жаңа нысан Каспий итбалығын сақтап қалу мен көбейтуге бағытталған ғылыми орталыққа айналады.