Алматы зообағындағы ең қартаң ақ аюдың қазіргі жағдайы қандай

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алькор немесе Коля есімді ақ аю - Алматы зообағының байырғы тұрғыны. Қарт аюдың тыныс-тіршілігі туралы оның қамқоршысы Сергей Спицын мен Алматы зообағының директоры Вячеслав Банщиков айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Алькордың денсаулығы сыр бергені жайында белсенділер жарыса жазып, ақ аюдың суреті мен бейнежазбасын таратқанболатын. Жануардың денсаулығы мен тұратын жері көпшілікттің назарын аударды.

«Дүйсенбі күні таңертең маған көп хабарлама түсті. Онда бәрі«Ақ аюдың денсаулығы нашарлап кетіпті, хайуанаттар бағында оған ешқандай жағдай жасалмаған» деген. Мен бірден осы жерге келіп, оның денсаулығының жақсы екеніне көз жеткіздім. Қазір ол ойнап,тамақтанып жатыр. Оның жұмыс күні таңғы 5-6-да басталады. Ол негізінен теңіз балықтарымен қоректенеді. 2017 жылдан бері Алматыхайуанаттар бағында оң өзгерістер байқалады. Мұнда аюлар ғана емес, басқа дажануарларға жақсы қарайды»,-дейді ақ аюдың қамқоршысы Сергей Спицын.

Сергейдің айтуынша, Алькор 1990 жылдан бері Алматы зообағында өмір сүріп келеді. 1989 жылы Калининградзообағында туған. Сергей бала күніндеосы жерге жиі келетін, ақ аюға бауыр басып қалғаны сонша, Алькордың қамқоршысы болуды ұйғарыпты.

«7 желтоқсан күні ол 30 жасқа толады. Адам өмірімен өлшейтін болсақ, 100-ге келеді. Олар бостандықта ортаесеппен 20-25 жыл өмір сүреді. Дәл осы ақ аюлар өте сирек кездеседі. Солардыңбірі - біздің Алькор.Зообақта ұзақ жасайтындар аз. Алькордың жұбайы мен ұлы бар. Олар басқа хайуанаттар бағында тұрып жатыр. Жалпы,жасы ең үлкен аю Германияда тұрады. Ол 39 жаста», - дейді Сергей.

Алматы зообағының директоры Вячеслав Банщиковтың айтуынша, поляр аюынан басқа, мұнда 7 гималай және қоңыр аю тұрады. Олар толықтай жабдықталған торлар мен жүзу бассейндерінде өмір сүреді.

«2017 жылы СергейСпицынның демеушілігімен ақаюдың үйі қайта қалпына келтірілді. Коляның жүзу бассейні жөндеуден өтті. Ұйықтайтынбөлмесіндегі салқындатқыш жабдықтарыжаңартылды. Полярлы аюлар суық жақта өмір сүреді, сондықтан оларға суық ауадай қажет. Бұрын жаз мезгілінде Алькор көп салмақ жоғалтатын. Көп қонақтар ақ аюды күндізгі уақытта ойын алаңында көргісі келетін. Коля ыстық күні сыртқашықпайтын. Қазір бәрі басқаша», -деді Вячеслав Банщиков.

Ақ аюдың қамқоршысы Сергей Спицын менАлматы зообағының директоры Вячеслав Банщиков әлеуметтік желілерде жалғанақпарат таратпауды сұрады. Жануарлардың өміріне алаңдайтын барлық жандардыолардың тыныс-тіршілігін өз көзіменкөруге шақырды.

Соңғы жаңалықтар