Алматы зообағының бұрынғы директоры екі жолбарыстың неге сатылғанын түсіндірді

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы зообағының бұрынғы директоры, қалалық мәслихаттың депутаты Ержан Еркінбаев зообақтағы екі Амур жолбарысының Харбин зообағына неге сатылғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желідедепутатты желі қолданушыларының көбі сұрақтың астына алған болатын.

«Ұялас аландар Амурмен Буш генетикалық ақаумен туды. Туасынан ақсақ. Олар көбею бағдарламасынаалынбайды. Өйткені ұрғашылармен шағылыстыруға болмайды. Дені сау ұрпақ тумайды.Бірақ бізде ұрғашы жолбарыс жоқ. Олар өмір сүрген вольер 1960 жылдан бері жөндеукөрмеген. Тозған. Амур мен Буш темір торда отыр. Осы жануарлардың жағдайынжасауға мен тіпті өз қалтамнан ақша беруге дайынмын»,- деді Ержан Еркінбаев.

Оның айтуынша,Харбин (Қытайдың солтүстік шығысындағы қала) орталығы жабайы табиғатқа барынша ұқсатып жасалған.

«Харбиндегі амуржолбарысы орталығы табиғи ортаға өте ұқсас жағдай жасалған. Бұл жолбарыстардыңпрофильді орталығы, яғни хайуанаттар бағы емес. Арзан ақшаға сатып жібердідеген сын дұрыс емес. Біз барынша жануарлардың өмірін жайлы еткіміз келді», -деді зообақтың экс-директоры.

Айта кету керек,жақында зообақта 3 аң өлген болатын. Олардың екеуі арыстан болса, үшіншісі керіктіңұрғашысы болатын. Зообақ басшылығы аңдардың неге өлгенін түсіндірді.

Соңғы жаңалықтар