Олар қаржыландыру көлемінің қысқарып, жануарлардың үштен бірін сатуға мәжбүр болатындарын айтқан. Сол үшін бар-жоғы 170 теңгені телефон нөміріне аударуды сұраған.
Зообақ қызметкерлері бұл хабарландыруды күні кеше көрген. Жарияланымның желіде қанша уақыт тұрғаны белгісіз. Алматы қалалық хайуанаттар бағының басшылығы аталған жарияланымға ешқандай қатыстарының жоқтығын айтып, тұрғындарға алаяқтардың торына түсіп қалмауын ескертуде.
Қазір құқық қорғау органдары аталған дерекке байланысты тексеру жүргізуде.