Алматыда жаз басталғалы бері күн ысып тұр. Әсіресе шілденің басынан бері термометр бағаны 38-40 градустан түспеді.
Жануарлар аптап кезінде азырақ қозғалып, көбірек ұйықтағанды жақсы көреді.
Құстар салқындау үшін қанаттарын жайып, тұмсықтарын жиі ашады.
Маймылдар балмұздақ жеп сусын ішкенді ұнатады.
Бүгінде зообақта 375 түрлі 3447 жануар бар.
Барлық жануарлар 6 экспозицияға бөлінген.
Олардың ішінде Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабына енген 58 түрлі жануар бар. Ал Қазақстанның Қызыл кітабына 25 жануар енген.