Аурухананың басқарма төрағасы Эрнест Қалиевтың айтуынша, қаладағы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты биылғы жылдың 20 қаңтарынан бастап, жұқпалы акушерлік бөлімшесі ашылды.
«Акушерлік бөлім жүкті әйелдерге, босанған әйелдерге және жүктілік кезінде 22 аптадан 36 аптаға 6 күнге дейін коронавирус инфекциясы бар босанатын әйелдерге жұмыс істейді. 80 төсек орынмен жабдықталған, оның ішінде 8 ересектерге арналған реанимация төсегі және бөлек акушерлік операциялық бөлмесі бар, жаңа туылған нәрестелерге арналған реанимация бөлімі 6 керует. Босану бөлімшесін қамтамасыз ету мен жабдықтауға Алматыдағы барлық перзентханалар мен көпсалалы ауруханалар үлкен көмек көрсетті», - деді Алматыдағы №1 қалалық клиникалық аурухананың басқарма төрағасы, бас дәрігері Эрнест Қалиев.
Ауруханада компьютерлік томография, ультрадыбыстық диагностика, спирография жүргізіледі. Емдеу мекемесі орталықтандырылған медициналық оттегімен қамтамасыз етілген.
COVID-19 жұқтырған жүкті әйелдер мен олардың жаңа туған нәрестелері мамандандырылған көмекке мұқтаж болуы мүмкін және №1 қалалық клиникалық аурухананың акушерлік бөлімшесі олардың мұндай көмекті алуын қамтамасыз етеді.
Акушерлік бөлімшесінің басшысы Сәуле Қабылованың айтуынша, Алматы қаласының барлық перзентханасы мен денсаулық сақтау мекемесі, 3-ші деңгейлі перинаталдық көмекті (яғни, шала туылған өте жас нәрестелер мен ауыр жүкті әйелдер мен босанған әйелдерге) ұйымдастыруға жан-жақты көмек көрсетті.
« Коронавирус жүкті әйелдердің мерзімінен бұрын босануына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, COVID-19 әсіресе жүкті және жаңадан босанған әйелдерге тән стресс пен алаңдаушылық деңгейін арттырады және осындай кезде медицина мамандары жүкті әйелдердің қажеттіліктеріне жауап беруде сауатты және жауапты болуы керек екендігін ескеру маңызды»,- дейді Сәуле Қабылова.