АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қазақстан-Британ техникалық университетінің студенті өз-өзіне қол салды, ақпарат Telegram-арналардың бірінде жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қайғылы оқиғаны Алматы қалалық Полиция департаменті растады.
«Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге апару) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қылмыстық істі Бостандық аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр», - деп хабарлады полициядан.
Тиісті сараптама тағайындалды.
Мән-жайды анықтау бойынша кешенді шаралар жүргізілуде.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.