Алматыда 1 миллиард доллардан астам соманың келісімшарттары мен меморандумдарына қол қойылы

None
АЛМАТЫ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда өтіп жатқан ІV Қазақстандық инвестициялық саммитте Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен бірқатар келісімшарттар мен меморандумдарға қол қою рәсімі өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл келісімшарттар мен меморандумдардың басты ерекшелігі - олар Қазақстанның индустриялдық-инновациялық үдемелі даму бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жасалып отыр. Оның жалпы құны 1 миллиард доллардан асады. Жалпы индустриялды-инновациялық үдемелі даму бағдарламасында 46 миллиард доллардың 200-ден астам жобасы жүзеге асырылмақ», дейді «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры АҚ-ның Басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов. Оның айтуынша, бұл бағдарламаны жүзеге асырудың жаңа кезеңі болмақ. Бүгін қол қойлыған 9 келісімшарт пен меморандумдар әзірлеуге 1 жылдай уақыт жұмсалды. Жалпы Индуриялды-инновациялық үдемелі даму бағдарламасында жоспарлаған 21 жобаны ұлттық әл-ауқат қоры жүзеге асырады. Бұл жобалардың жалпы құны 26 миллиард долларды құрайды.