«23 қараша күні 3528 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 2 106, II компонентін – 1422 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 23 қараша аралығында қалада 1 018 883 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 972 507 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 121 952 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.
Қалада 132 пункт жұмыс істеп тұр. 733 адамнан тұратын 205 егу бригадасы бар.
«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.