Шілде айында әкімдік ұсынысын саябақ әкімшілігі қолдап, саябақта аттракциондарға тегін карточкалар беру туралы шешім қабылданды.
«Акция басталғаннан бері карточкаларды 6 жастан 14 жасқа дейінгі балалар пайдаланды. Олардың ішіндегі ең танымал аттракциондар «Цепочка», «Колесо обозрения», «Орбита» және «Веселые горки» болды»,- деп хабарлады әкімдіктен.
Бұдан бөлек, бір ай бойы балаларға саябақта балмұздақ тегін таратылды.
«Сонымен қатар, футбол, баскетбол алаңы, скейт-парк, роллердром, үстел теннисі және воркаут алаңдары да тегін болды. Балалар үшін әр сенбі және жексенбі күндері балалар қалашығының сахнасында екі сағаттық шоу-бағдарламалар көрсетіледі. Саябақ әкімшілігі барлық іс-шараларды өткізуге кететін шығындарды өздері көтерді»,- деп атап өтті әкімдік өкілдері.
Бұл акция осы жылдың тамыз айының соңына дейін өтеді.
Карточкаларды алу үшін «Алтын Тараз» ЖШС кеңсесіне Гоголь көшесі, 1 мекенжай бойынша (ОМДС аумағында) хабарласу қажет. Өзімен бірге баланың туу туралы куәлігі (көшірмесі немесе электронды түрде) болуы міндетті. Анықтама телефоны: 7 (705) 892-75-24.
20:48, 15 Тамыз 2023
Алматыда 10 мың бала аттракциондарды тегін пайдаланды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Осы жазда тұрмысы төмен отбасынан шыққан 10 мыңға жуық бала Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы аттракциондарды тегін пайдаланды, деп хабаралайды ҚазАқпарат тілшісі.