Қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, 18 қараша күні сағат 04:45-те Бостандық ауданы Өтеген батыр көшесіндегі көпфункционалды кешеннің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.
Тілсіз жау жаттығу залымен қоса гаражды шарпып, онда тұрған 9 жеңіл автокөлік, 2 кар мен 1 автокөтергіш өртеніп кеткен.
Өрт таңғы 05:41-де ауыздықталып, 06:40-та толығымен сөндірілді.
Қызыл жалын 1200 шаршы метр аумақты шарпыды.