Арнайы мониторинг тобы 13 қарашада 28 нысанның жұмысын тексерген еді. Оның ішінде 10 нысанда карантин талаптары бұзылғаны анықталды. Атап айтқанда, Алмалы ауданында С.Сейфуллин көшесі 467Б-үйдегі «Мега дөнер» дәмханасы түнгі сағат 22.00-ден асқанда жұмыс істеп тұрған. Абылай хан даңғылындағы «Бургер» дәмханасы түнгі 22.00-ден кейін жұмыс істеп тұрған. Сейфуллин көшесіндегі Tennisi.kz букмекер кеңсесі заңсыз жұмыс істеген.С.Мұқанов көшесіндегі «Do Re Mi» Караоке клубы заңсыз жұмыс істеген.
М.Әуезов ауданында «Тамыр» дәмханасы түнгі сағат 22.00-ден кейін жұмыс істеп тұрған.
Бостандық ауданында «Мега Алматы» СОО-да фудкорт пен батуттар заңсыз жұмыс істеген. «АДК» сауда орталығында фудкорт жұмысын тоқтатпаған.
Розыбакиев көшесіндегі тағамды жедел әзірлейтін «Red Dragon» түнгі 22.00-ден кейін жұмыс істеген. Солш көшенің бойындағы Street food нысаны да жұмысын тоқтатпаған. Абай көшесіндегі «Barakat burger» уақыт шектеуін сақтамаған.
Осы мекемелерге қатысты ҚР ӘқбК 425-бабының 1-бөлімімен хаттама толтырылды.