Оқыс оқиға қаладағы Розыбакиев - Журавлев көшелерінің қиылысында орын алды.
Оңтүстік бағытқа кетіп бара жатқан Honda Accord автомобилі баланы жаяу өтпе жолда қаққан. Ол басымен асфальтке соғылып, алған ауыр жарақаттан сол жерде көз жұмды.
Honda жүргізушісінің айтуына қарағанда, қаптаған машиналар арасынан өтпе жолға жүгіріп шыға келген баланы байқамай қалған.
Айта кеткен орынды, жол жап-жарық, ал жолаушылардың өтпе жолы қосымша жарықпен қамтылған.