Көші-қон қызметкерлері жаңа құжатты Мария Ахметованың үйіне апарып берді.
«Сізді 100 жасқа толуыңызға байланысты берілген жаңа куәлікпен құттықтағым келеді. Сізге ұзақ өмір, денсаулық, бақыт және амандық тілеймін», – деді Көші-қон қызметі басқармасының бөлім бастығы Жанна Жақыпбаева.
Өз кезегінде ғасыр жасаған қарт әжей полиция қызметкерлеріне алғыс айтты.
«Мен ішкі істер органдарының жұмысына өте ризамын. Полиция қызметкерлеріне ризашылығымды білдіремін», – дейді Мәрия әжей.
Мәрия Ахметова 1921 жылы 13 наурыз күні Жамбыл облысы Шу ауданында дүниеге келді. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. 1957 жылы Мәскеуде өнертану ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғаған бірінші қазақ әйелі.
14:49, 11 Қазан 2021
Алматыда 100 жастағы әжейге жаңа жеке куәлік табыс етілді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы полициясы 100 жастағы Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткеріне жаңа жеке куәлігін тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz. сілтеме жасап.