Алматыда 11 көлік соқтығысып, екі жүргізуші қаза тапты

АСТАНА. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алматыда 11 көлік соқтығысып, екі жүргізуші қаза тапты, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Ведомствоның атап өтуінше, жол апаты Алматы қаласының Медеу ауданында орын алған.  «Ситроен ЕД» жүк көлігінің тежегішінің істен шығуы салдарынан 11 көлік соқтығысып, оқиға орнында 25 және 60 жастағы екі жүргізуші қаза тапқан.