Алматыда №12 ауруханадағы өрт кезінде 300 адам қауіпсіз аймаққа көшіріліп, 55-і құтқарылды

АСТАНА. 30 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматының Бостандық ауданында №12 қалалық клиникалық аурухананың 4 қабатты ғимаратында кеше сағат 09.33-те 4 қабатта орналасқан мұрағаттар бөлмесінен өрт шықты.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды.

Өрт сағат 10.06-да сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 55 адамы мен 16 техникасы жұмылдырылды. Жалын 15 шаршы метрді шарпып өтті. 300 адам қауіпсіз аймаққа көшіріліп, 55-і құтқарылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.