Қалалық ТЖД-ның ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, өрт Самал-1 шағын ауданындағы №23 үйдің 6 қабатында тұтанған.
Қазір өрт сөндірушілер оқиға орнында жұмыс істеуде. Көп қабатты үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.
Оқиға куәгерлері жалынның жоғарғы қабатты шарпи бастағанын айтуда.