Алматыда 12 мыңнан астам бала емізетін әйел Pfizer вакцинасын салдырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бір тәулік ішінде 1 990 адам коронавирусқа қарсы екпе алды. Оның ішінде 1-компонентін 814 адам, 2-компонетін 1 176 адам салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы жылдың 1 наурызы аралығында қалада 1 143 836 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 100 936 адам екінші компонентін салдырған»,- делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда Pfizer вакцинасын 55 833 адам салдырды. Оның ішінде 3 143 жүкті әйел, 12 246 бала емізетін ана және 40 396 жасөспірім бар.
254 885 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті.
«Бүгінгі таңда қалада медицина мекемелерінде 137 вакцинация пункті жұмыс істейді. 175 вакцинация бригадасында 555 медицина қызметкері жұмылдырылды» - деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.15:04