«25 қараша күні 3238 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 1 993, II компонентін – 1 245 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 25 қараша аралығында қалада 1 020 869 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 975 425 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 122 010 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.
Қалада 132 пункт жұмыс істеп тұр. 733 адамнан тұратын 205 егу бригадасы бар.
«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.