« 2 ақпан күні 2 409 алматылық вакцина салдырды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы жылдың 2 ақпаны аралығында қалада 1 073 834 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 035 046 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 124 158 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.
Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 44 118 адам салдырды. Оның ішінде 2 291 жүкті әйел, 9681 бала емізетін ана және 32 216 жасөспірім бар.
Ревакцинациядан 172 412 алматылық өтті.
«Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда 119 вакцинация пункті жұмыс істейді. 140 вакцинация бригадасында 520 медицина қызметкері жұмылдырылды» - деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.