Алматы қалалық полиция департаменті жол-көлік оқиғасы бүгін 08 сағат 45 минутта Алматының Бостандық ауданында болғанын хабарлады.
«Жол апатынан 13 автомобиль зардап шекті. Аталған көліктер Жароков көшесінің бойымен солтүстік бағытта келе жатып соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам зардап шекті. Олар - «Тойота Прадо» көлігін басқарған 51 жастағы әйел және «Лексус» маркалы көліктің жолаушысы 12 жасар бала. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Бұл дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деді Алматы қалалық ПД анықтау басқармасының бастығы, полиция полковнигі Олжас Шәріпов.
Айта кетейік, бүгін Алматы полициясы қаладағы көктайғаққа байланысты қала тұрғындарын жолда сақ болуға шақырды.