АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бір тәулік ішінде 1293 адам коронавирусқа қарсы екпе алды. Оның ішінде 1-компонентін 489 адам, 2-компонентін 804 адам салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы 28 наурыз аралығында қалада 1 156 014 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 124 975 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде жасы 60-тан асқан адамдардың саны 125 067», - делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда Pfizer вакцинасымен барлығы 61 672 адам егілді. Оның ішінде 3 501 жүкті әйел, 13 585 бала емізетін ана және 44 249 жасөспірім бар.
«Қазір қалада медицина мекемелерінде 137 вакцинация пункті жұмыс істейді. 175 вакцинация бригадасында 555 медицина қызметкері жұмылдырылды» - деп атап өтті Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.