Бұл туралы бүгін Алматы қаласы бойынша салық департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл шара қала жұртшылығының бірлесе күш салуы арқасында жүзеге асты, делінген хабарламада.
Мәлім болғанындай, соңғы кездері тұтынушылармен қатар, өндірушілерден де арыздар көптеп түсіп жатыр. Өйткені олардың бренді қолдан жасалынуда. Сондықтан салық департаменті үстіміздегі жылдың басынан бері алкогольді өнімдер сататын 37 мекемеге тексеру жүргізді. Солардың 33-інде заң бұзушылықтар тіркелді. Нәтижесінде 32 мың бөтелкеден астам спирттік ішімдік тәркіленді.
Енді алкогольді өнімдер нарығында еңбек ететін заң бұзушыларға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексінің 163,214, 357-1 баптары бойынша айыппұл шараларын қолдану көзделген.
Бұл жерде алкогольді өнімдер нарығындағы жиі бұзылатын заң бұзушылықтарды еске сала кеткен жөн. Олар: лицензиясыз жұмыс істеу, алкогольдік өнімдердің жөнелтпе құжаттарсыз, тіркеу-бақылау маркасынсыз айналымы немесе марканың жалған болуы.
Контрафактілік алкогольдерді жою, сот органдарының шешімі бойынша жүзеге асырылады. Оларға әкімшілік заң бұзушылыққа қатысты маериалдар табыс етіледі.
Алматы қаласы бойынша салық департаменті жанында 2010 жылы алкогольдік өнімдерді тестілеу пункті ашылған болатын. Мекеменің басты міндеті - қала тұрғындарының күдік туғызатын алкогольдерге қатысты арыздары бойынша дер кезінде шара қолдану.
Осы мәселе бойынша мүдделі тұлғалардың 272-11-60 телефон нөмірі бойынша хабарласуларына болады.