Өрт тұрғын үйдің 8-қабатынан тұтанған. Қауіпсіздік мақсатында тұрғын үйден 50-ге жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды.
«Щепкин көшесінде орналасқан үйдің балконынан өрт шыққандағы туралы ақпарат сағат 23:20-да келіп түсті. Оқиға орнына өрт сөндірушілер 7 минутта жетті. Өрт сағат 23:43-да толық ауыздықталды. Оттың шығу себептері анықталуда», - деді Алматы қаласының ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.