«Негізгі жалақы төленіп жатыр. Бізде тек мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне төленетін 25 пайыз үстемеақы кешігіп жатыр. Өйткені, педагогикалық ставкалар көбейіп жатыр. Біздің тарапымыздан өтініш жіберілді. Шамамен тамыз қыркүйек айларында 2 млрд теңге көлемінде төлем жіберілуі тиіс», - деді Алматы қалалық Білім басқармасының қаржы жоспарлау бөлімінің басшысы Әділ Отарбаев.
Оның айтуынша, есеп педагогтардың ставкасына байланысты жүреді.
«Бүгінде Алматы бойынша 15 мың мұғалімнің үстемеақысы кешігіп жатыр»,- деді спикер.
Айта кету керек, 2020 жылдың 1 қыркүйегінен үстемеақы балабақша тәрбиеленушілеріне, әдістемелік кабинеттердің мұғалімдеріне, қосымша білім беретін мұғалімдерге, колледж мұғалімдеріне де төленетін болды.