Көпбалалыотбасындағы оқушылардың мектеп формасын мемлекет өз мойнына алды. Оғанжергілікті бюджеттен 260 млн теңге бөлінді. Бұл қаржы қаладағы мектепердің есепшоттарынатүседі, кейін мектеп әкімшілігі ата-аналардың жеке шотына аударады.
«Бұрындары тұрмысытөмен отбасы балаларына мектеп формасын білім мекемесі алып беретін. Бұлата-аналар тарапынан наразылық тудырды. Сапасына көңілдері толмайтын. Биылданбастап жаңашылдық енгіздік. Енді, ата-аналар мектеп формасын өздері сатыпалады. Олардың есепшотына қажетті қаржыны мектеп аударады», - дейді Алматықалалалық білім басқармасының басшысы Гүлнәр Ходжабергенова.
Ата-аналардың жекеесепшотына қаржы тамыздың ортасынан бастап түседі. Сондай-ақ, балалар санынашектеу жоқ. Яғни, тұрмысы төмен отбасының мектепте оқитын барлық баласықамтылады.
«Ата-ана сатыпалған мектеп формасының түбіртегін мектептің есеп бөліміне өткізуге міндетті.Сонымен қатар, сатып алынған киім отандық өнім болуы тиіс. Қолымызда бар дереккесүйенсек, отандық мектеп формасының бағасы 11-18 мың еңге аралығында», - дедіГүлнәр Ходжабергенова.
Бұл жеңілдіккеата-аналар әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарын дәлелдейтін құжаттар өткізгендеғана қол жеткізеді. Қажетті құжаттар тізімін мектептен алады.