Алматыда 15 жастағы қырғызстандық қыз жоғалып кетті
10:38, 12 Қазан 2016
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы із-түзсіз жоғалып кеткен Қырғызстан Республикасының азаматшасы, 2001 жылы туған Суймонкулкызы Айперіні іздеп жатыр.
«Алдын ала болжам бойынша, қыз бала Алматыға бірге келген өзінің отандасымен тұрып жатуы да мүмкін. Өтінеміз, Суймонкулкызы А. орналасқан жерін білетін жандардың 254-46-08; 8-771-407-48-52; 8-747-951-06-02 немесе 102 нөміріне хабарласуын сұраймыз», - делінген Алматы ІІД хабарламасында.