Алматыда 15 жастағы қыз жоғалып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда 9-сынып оқушысы Арайлым Жұматаева іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл туралы жазбаны өзінің Facebook парақшасына Айнұр Нығманова есімді әлеуметтік желі қолданушысы жариялады.

«Алматы қаласында тұратын 9-сынып оқушысы 15 жастағы Арайлым Жұматаева жоғалып кетті. Қара-көк түсті мектеп формасын киген. Үстінде сұр плащ, арқасында қоңыр рюкзагы бар», - деп жазады ол.

Жоғалған қыздың туыстары ол туралы қандайда бір ақпарат табылса, мына телефондарға хабарласуын сұрайды: 87026822755, 87759294643, 87021999080.