Алматыда 150 адам көпбалалы аналар орталығына көмекке жүгінді

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 150 адам «Бақытты отбасы» көпбалалы аналар мен отбасы орталығына көмекке жүгінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының хабарлауынша, бұл азаматтар әлеуметтік атаулы көмек, жұмыспен қамту, қысқа мерзімді мамандық курстары туралы сұрақтармен келген.

Бүгінде орталықта көпбалалы аналарға арналған аспаз, визаж, шаштараз, йога курстары ашылған. 12 көпбалалы ана заңгер, есепші, офис-менеджер, тәрбиеші болып орналасты.

Олардың бірі алты баланың анасы Жансая Жәнібекова өзі сияқты аналарға атаулы көмек алуға көмектеседі.

«Ұзақ уақыт бала күтіміне байланысты демалыстан соң жұмыс таптым. Менің қызметімнің өзім сияқты аналарға көмегі тиіп жатқанына қуаныштымын. Заңға қатысты сұрақтарға байланысты 100 адамға қызмет көрсетіп үлгердім», - деді ол.

Аталған орталықтың үйлестіруші Зүлфия Байсақова 20 жылдан бері тұрмысы қиындап кеткен көпбалалы және жалғызбасты аналарға көмектесіп келеді.

Осы жылдары 2 млн телефон қоңырауына жауап берілді.

«Біздің жобамыз - дағдарыс орталығы. Мұнда көпбалалы және жағдайы қиындап кеткен, тығырыққа тірелген әйелдерге көмек беріледі. Мұнда мемлекет тарапынан берілетін көмек туралы да көп кеңес беріледі. Сонымен қатар, аналар бұл жерге балаларымен келе алады. Балалар үшін де дамытатын ойындар, бағдарламалар қарастырылған», - деді Зүлфия Байсақова.

Орталыққа келген ата-аналардың балаларын тәрбиешілер ойнатып, уақыт өткізеді. Балаларға арнап ойын бөлмесі, шахмат үйірмесі, ағылшын тіліненсабақ беру бөлмелері ашылған. Бұл жерге 600-ге жуық бала келіп бос уақытын өткізеді.

Соңғы жаңалықтар