АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Эпидемиологиялық кезеңде Алматы қаласы бойынша 149866 мың тест жасалды. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Оның 123 855-і полимеразды тізбекті реакция (ПТР), 26 мыңы жедел тест. Тестілеуден негізінен медицина, әскери және әлеуметтік сала қызметкерлері өтті. Бүгінгі күні бізде 2353 оң нәтиже бар, оның 90%-ы алдын алу шаралары кезінде анықталды», - деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар, ол қауіпті топтарды жаппай тестілеу 5 сәуірден басталғанын атап өтті.
Бүгінгі таңда қалада коронавирусты анықтайтын 6 зертхана жұмыс істеп тұр.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.