АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Эпидемиологиялық маусымда Алматы қаласы бойынша 155 мың тест жасалды. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Статистиканың өскенінен қорықпауға болады. Бұл - тұрғындарды кең көлемде тестілеудің нәтижесі. Осы уақытқа дейін 155 мың адам тестілеуден өтті. Нәтижесінде 2939 адамнан індет табылды. Профилактикалық тексеру кезінде 997 оқиға тіркелді. Оның ішінде медицина, әскери және әлеуметтік сала қызметкерлері бар»,– дейді Жандарбек Бекшин.
Оның айтуынша, қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Соңғы бір аптада Алматыдағы жұқтыру динамикасы 4,6% деңгейінде.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.