Ведомстводан хабарлағандай, жеке куәліктер Қазақстан Республикасының азаматтарына он алты жастан бастап беріледі. Жеке куәлікті ресімдеу Халыққа қызмет көрсету орталықтарында орналасқан Алматы қаласы көші-қон қызметінің аудандық бөлімшелерінде жүзеге асырылады.
«16 жасқа толған кезде құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет берушіге мыналарды көрсету керек:
- 16 жастағы адамның туу туралы куәлігінің түпнұсқасы;
- - құжатталған тұлғаның жеке болуы;
- - ата-аналардың біреуінің немесе заңды өкілінің міндетті түрде қатысуы.
Құжаттарды дайындау мерзімі демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 15 жұмыс күнін алады», - делінеді хабарламада.
Бұдан бөлек, құжаттарды жеделдетілген түрде дайындау қызметі бар:
– 1-санат бойынша құжаттарды дайындау бір жұмыс күнін алады (тіркеу күнін қоспағанда) құны 4 983 теңге.
– 2-санат бойынша құжаттарды дайындау үш жұмыс күнін алады (тіркеу күнін қоспағанда) құны 2 752 теңге.