Алматыда 164 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 2279 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«31 қаңтар күні 2279 алматылық вакцина салдырды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы жылдың 1 ақпаны аралығында қалада 1 072 098 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 033 779 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 124 041 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Ревакцинациядан 163 857 алматылық өтті.

«Бүгінгі таңда қалада медицина ұйымдарында 119 вакцинация пункті жұмыс істейді. 140 вакцинация бригадасында 520 медицина қызметкері жұмылдырылды» - деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.