Алматыда 17 конфессияның 180 діни бірлестігі тіркелген

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 17 конфессияның 180 діни бірлестігі тіркелген. Діни бірлестіктердің сан алуандығына қарамастан қаладағы діни ахуал тұрақты әрі бақылауда тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Қоғамдық даму басқармасынан мәлім еткендей, Алматыда 17конфессияның 180 діни бірлестігі жұмысістеп тұр. 113 діни нысан оның ішінде 50 мешіт, 19 православ шіркеуі, 2 католикшіркеуі, 1 синагога, сондай-ақ Вон-буддаконфессиясының - 1,протестант конфессиясының –34, Иегова куәгерлерінің – 4 және Бахаи қоғамының 1 ғимараты бар.

Десек те,қалада діни наным сенімі қалыптасқан адамдардың басым көпшілігі мұсылмандар менправославты христиандар болып табылады.

Алматыдағы мешіттерге күніне 70 мың адам келеді,православ шіркеулерінде20 мың адам ғибадат жасайды.Католик шіркеуіне - 500 адам, синагогаларға - 200 адам, будда храмына 100адамға жуық келеді.

Қалада 4 діни оқу орны ресми жұмыс істеп тұр: «Нұр Мүбәрак» Мысыр ислам мәдениеті университеті, ҚМДБжанындағы имамдардың біліктілігін арттыру институты, «Абу-Ханифа» колледж-медрессесі, Алматы православ шіркеуінің дінисеминариясы тіркелген.

Бүгінде Алатау, Бостандық, Наурызбай, Түрксібаудандарында бір-бір меешіттенбой көтерді. Аталмыш дін үйлеріне барлығы 10,3мың адам сиядыдеп жоспарланған.

Алматы мешіттерінде 208 мың адам қызмет етеді.Қалада 8 намазхана ашылған.

Православ шіркеуіне келушілердің саны Рождество менПасха кезінде артады. Ал әдетте православ шіркеулеріне христиандардың 30 пайызығана келеді.

Оған қарамастан Түрксіб, Жетісу, Бостандықаудандарында 3 православ шіркеуінің құрылысы басталмақ.

Рим Католик шіркеуінің келушілері Рождество менПасхада 400 адамға жетеді.

Бүгінде қалаға әлемнің 21 елінен миссионерлер келген.

«Зайырлы мемлекет қағидаларына сәйкес діниконфессиялардың көптігіне қарамастан Алматыда діни ахуал тұрақты. Бұл саланықала билігі бақылауда ұстап отыр», - деді қалалық Азаматтық даму басқармасыныңбас маманы Самат Қабылбеков.