Алматыда 17 мың адам тұрақты жұмысқа орналасты
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының арқасында Алматыда 22 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 17 мың адам тұрақты жұмысқа орналасты. Ал 5 мың тұрғын уақытша жұмысқа кірді. Жоспар бойынша біз 26 мыңдай жаңа жұмыс орнын ашамыз. Бұл - негізінен құрылыс саласының мамандары. Бізде кафель жабыстыратын, дәнекерлеуші сияқты мамандықтарға сұраныс жоғары»,– дейді Данияр Әлкебайұлы .
Сонымен қатар, ол қалада «Еңбек» бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын тілге тиек етті.
«Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмыс берушілер уақытша жұмыс орындарын ұйымдастырады. Ол үшін бюджеттен қаражат қарастырылған. Бұл - қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары және жастар практикасы. Қоғамдық жұмысқа қатысатын адамдардың еңбегіне ақы төлеуді халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын жұмыс берушілер ұсынған мәліметтер негізінде жүргізеді. Ең төменгі жалақы - 85 000 теңге. Сондай-ақ, техникалық және кәсіптік оқу бар. Ол жерде 9-11 сыныпты бітірген түлектер, жоғары оқу орнына түсе алмаған жастар білім ала алады. Қазір құжат қабылдау жүріп жатыр»,-дейді ол.