Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 13 қыркүйек күні түнгі сағат 23:55 шамасында Алатау ауданында болды.
«BMW» маркалы автокөліктің жүргізушісі - 1994 жылы туған К. есімді азамат, Райымбек даңғылымен батыс бағытта келе жатып, жаяу жүргінші - 2006 жылы туған Ш. есімді азаматты белгі қойылмаған жерден солтүстікке қарай жолды кесіп өтіп бара жатқанда қағып кетті. Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды»,- деп хабарлады ведомстводан.Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Сараптамалар тағайындалды.