Алматыда Сүйінбай даңғылында оңтүстік бағытта келе жатқан Мерседес жол апатына ұшырады. Куәгерлердің айтуынша, көлік тайғақта сырғанап барып, көше жарығының бағанына соғылған. Қатты соққыдан көлік аударылып тұрған. Көлік ішінде 5 адам болған. Жол апатынан оның 4-еуі жарақаттанған. Кейін 2000 жылы туған қыз ауруханада қаза тапқаны анықталды.
Айта кетейік, кеше Алматыда күн жылынып, қар еріген болатын. Қалалық әкімдік жолаушыларға абайлап жүруді ескерткен де еді.